Ақтөбеде екі қыз дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап кетті (видео)
- авторОймақ
- Бүгін, 10:16
- 24
Бейнекамерадағы жазбадан екі қыздың дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап жатқанын көруге болады. Үш күн өткен соң олар бутикке қайта барып, сөренің ашық тұрғанын көріп, тағы бір iPhone-ды қолды қылған.
“Полиция күдіктілерді анықтап, ұстады. Күдіктілер 19 және 20 жастағы екі ақтөбелік қыз болып шықты. Олар өз кінәсін мойындап, ұрланған мобильді телефондарды ломбардқа тапсырғанын және алынған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты”, – деп хабарлады полиция.
Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция мұндай әрекеттер үшін заң бойынша 7 жылға дейін бостандықты шектеу немесе 7 жылға сотталу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылғанын ескертті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






