Медициналық бұйымдарды "Қазақстанда жасалған" деп жалған құжат жасаған мекеме басшысы ұсталды
- авторОймақ
- 26 қаңтар, 2026
- 60
«АҚ басшылығы Қазақстанда өз өндірісі бар деген жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекеттік медициналық ұйымдарға 28 түрлі медициналық жабдықты жеңілдікпен жеткізу кезінде заңсыз артықшылықтар алған. Алайда іс жүзінде дайын жабдық шетелден әкелінген», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.
Тінту кезінде АҚ басшылығынан 1 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялық монеталар тәркіленді, сондай-ақ үш компаниядағы үлестерге тыйым салынды.
Сот санкциясымен техникалық директор, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Абзал Құспан Исидор Борчашвилидің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
- авторОймақ
- 28 қаңтар, 2026






