Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Анна Каренина. Роман парақтары» атты хореодраманың премьерасы өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Спектакльдің жанры – хореодрама. Бұл жанр драмалық әрекетті қимыл-қозғалыс, пластика және музыкалық шешімдер арқылы жеткізуге мүмкіндік береді. Қойылымда автордың адам болмысы, қоғам мен жеке тұлға арасындағы қайшылықтар туралы терең философиялық ойлары заманауи сахна тілінде ұсынылады.
Басты рөлдерді екі құрамда театрдың танымал әртістері мен жас актерлер сомдайды. Сахналық нұсқасының авторы әрі қоюшы режиссері – Рача Махатаев, қазақ тіліне аударған – Қымбат Елубаева.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табыс етілді
- авторОймақ
- 4 қаңтар, 2026






