сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 1:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірі­нің бастауында тұр

Қасым-Жомарт Тоқаев: Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірі­нің бастауында тұр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде кең көлемді сұхбаты жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде кең көлемді сұхбаты жарияланды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

– «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұ­рақ­ты шығып келеді. Бұл – Қазақ­стан­да­ғы ең ықпалды басылымның бірі. Га­зет­­тің атауында да өте үлкен мән-ма­ғы­на бар. Басылым тілшілері ел ішіндегі өзек­ті мәселелермен қатар, тұтас түркі жұр­тына ортақ тақырыптарды да кө­теріп жүреді. Бұл өте жақсы дәстүр деп санаймын. Шетелде жұмыс істеп, түрлі салада та­бысқа жеткен қазақтар туралы ма­қа­лаларды қызығушылықпен оқимын. Қа­зақстан мен өздері тұрып жатқан ел­дер арасындағы ынтымақтастықты да­мытуға үлес қосып жүрген осындай үш азаматты арнайы марапаттадым. Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірі­нің бастауында тұр. Себебі, әлеуметтік же­лі адамның ойлау (танымдық) қа­біле­тіне зор зиян келтіріп жатыр. Жасы қы­рыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірімдер деңгейін­де қалып қойған азаматтарды қазірдің өзін­де кездестіруге болады.  Өз басым мерзімді баспасөзді жас кезімнен үзбей оқитыным рас. Әлі күнге дейін осы әдетімнен жаңылған емеспін. Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушы­лық­пен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал жур­налистер сапалы материалдар әзір­леп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеу­лі үлес қосып келеді. Мен сүйікті Ота­­­­нымыздың игілігі үшін барлық са­лада табысты еңбек етіп жүрген мықты аза­маттар туралы мәліметтерді көбінесе га­зеттерден аламын. Ел ішіне кең тарал­ған TikTok, Instagram немесе Telegram арналары еңбек адамдарының шынайы тыныс-тіршілігінен алыс екенін өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз.Қоғамымыз елең етерлік жаңалық оқып, бейнежазба көрумен шектелмей, мән-мағынасы терең ақпараттың да қа­дірін білгені дұрыс деп санаймын. Көп­теген жастарымыздың да дәл солай ойлайтынына қуанамын. Себебі, олар адамды тығырыққа тірейтін елес-қиял әлемінде өмір сүруді емес, нағыз білім-ғы­лым жолына түсуді мақсат тұтады. Оқу мәдениеті жоғары елдер әрдайым жаһандық дамудың алғы шебінде бола беретіні сөзсіз. Бұған еш күмәнім жоқ, – деді Президент.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар