Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талабы барлық азаматқа бірдей қолданылмайды – Қошмамбетов
- авторОймақ
- 5 қаңтар, 2026
- 55
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу талабы барлық азаматқа бірдей қолданылмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттың айтуынша, егер азамат өз бетінше жұмыс істеп, жалдамалы қызметкер ұстамаса, ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде қызмет ете алады.
Егер адам курьер, таксист, репетитор, жаттықтырушы, фрилансер, бьюти-салон маманы секілді өздігінен жұмыс істеп, қызметкер жалдамаса, 2026 жылдан бастап жеке кәсіпкерлік ашпай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде еңбек ете алады. Мұндай форматта шамамен 40 түрлі қызмет түрі қамтылады, оның ішінде өз тұрғын үйін жалға беру де бар, – деді Айтуар Қошмамбетов.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың айлық табысы 1,3 млн теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұл ретте табысқа салынатын салық мөлшері – нақты кірістен 4 пайыз.
Сонымен қатар бұл салық құрамына зейнетақы аударымдары, әлеуметтік пакет пен медициналық сақтандыру да кіреді. Ал зейнеткерлер салық төлеуден толық босатылады.
Айтуар Қошмамбетовтің сөзінше, тіркелу және салық төлеу рәсімдері барынша жеңілдетіледі.
Азаматтар e-Salyq Business қосымшасы арқылы немесе такси мен жеткізу платформалары арқылы жұмыс істей алады. Бұл жағдайда платформалардың өзі табысты есептеп, салықты автоматты түрде ұстап, мемлекетке аударады, – деді депутат.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылы зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларға 6,8 трлн теңге бөлінеді
- авторОймақ
- 6 қаңтар, 2026






