дүйсенбі, 22 желтоқсан, 2025 14:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

2026 жылы зейнетақы мөлшері өседі

2026 жылы зейнетақы мөлшері өседі
depositphotos
Бұл туралы бюджет жобасында көрсетілген.

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі. Бұл туралы бюджет жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Келесі жылдан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір ол 62 771 теңге. Осылайша өсім 6 278 теңгені құрайды.

Сонымен қатар базалық зейнетақы да көбейеді. Егер 2025 жылы оның мөлшері 32 360 теңге болса, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін өседі. Өсім көлемі – 3 236 теңге.

Зейнетақы неден құралады?

Қазақстанда зейнетақы үш бөліктен тұрады:

Ынтымақты зейнетақы – 1998 жылға дейін еңбек еткен азаматтарға мемлекет төлейтін төлем;

Базалық зейнетақы – барлық зейнеткерлерге берілетін төлем, оның мөлшері еңбек өтіліне байланысты;

Жинақтаушы зейнетақы – азаматтың БЖЗҚ-да жинаған қаражаты, оған жалақының 10 пайызы аударылады.

Қазіргі таңда зейнет жасына шығу жасы ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 61 жас. Бұл тәртіп 2028 жылға дейін сақталады.

Индексациядан кейінгі көрсеткіштер

2026 жылы индексация нәтижесінде:

ең төменгі зейнетақы – 104 645 теңге,

ең жоғары зейнетақы – 238 412 теңге болады.

Орташа зейнетақы мөлшері:

2026 жылы – 103 687 теңге,

2027 жылы – 108 940 теңге,

2028 жылы – 113 995 теңге.

Ал орташа базалық зейнетақы:

2026 жылы – 54 082 теңге,

2027 жылы – 58 276 теңге,

2028 жылы – 61 527 теңге болады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 516 мың зейнеткер бар. Алдағы жылдары зейнетақы төлемдері кезең-кезеңімен өсе береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар