дүйсенбі, 22 желтоқсан, 2025 12:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жеке куәлікті тегін алып, тегін ауыстырады

Жеке куәлікті тегін  алып, тегін ауыстырады
nur.kz
Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғаш рет алу кезінде және оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырғанда мемлекеттік баж төлемейді. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ведомство құжаттандыру саласында цифрландыруды белсенді түрде енгізіп жатыр. Қазір паспортты электронды рәсімдеу Қазақстан ішінде ғана емес, шетелде де қолжетімді. Бұл қызмет 71 елдегі 99 шетелдік мекемеде көрсетіледі. Соның арқасында шетелде жүрген қазақстандықтар паспортты бұрынғыдай алты ай күтпей, 30 күн ішінде ала алады.

ІІМ бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын, басты мақсат – азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті.

Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, құжаттандырудың бірыңғай жүйесі арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін беру, азаматтарды тіркеу, төлқұжат пен жеке куәлік дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Оның сөзінше, 2026 жылдан бастап жеке куәлікті алғаш рет алу да, мерзімі аяқталған соң ауыстыру да толықтай тегін болады.

Ішкі істер министрлігі бұл бастама құжат алу рәсімін жеңілдетуге және азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталғанын мәлімдеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар