Ол бұл видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына салған.
Әнші Қайрат Нұртас желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі бейнежазбада кішкентай қызын көтеріп тұрғанын көруге болады.
“Қызым, менің кішкентай Рәбиә Сұлтаным”,- деп жазды әнші бейнежазбаға.
Желі қолданушылары осы сәтке куә болғанына қуанышты екенін жеткізіп, жылы лебізін білдіріп жатыр. Айта кетейік, бұл – Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзенті.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





