бейсенбі, 13 қараша, 2025 17:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Германияда қаза тапқан экс-судьяға Қазақстанда қылмыстық іс қозғалды

Германияда қаза тапқан экс-судьяға Қазақстанда қылмыстық іс қозғалды
Фото: Бауыры Қанат Сайлыбаевтың жеке архивінен stan.kz
Германияда қаза тапқан қазақстандық судьяның өліміне қатысты Қазақстанда да қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

"Бұл мәселе Бас прокуратураның құзыретінде, себебі ол халықаралық құқықтық ынтымақтастық бойынша уәкілетті орган. Бізде бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 110-бабы (“Азаптау”) бойынша іс тергеліп жатыр. Бұл іс жәбірленушінің туыстарының өтініші негізінде қозғалды. Оқиға кезінде ерлі-зайыптылар Жетісу облысында болған. Германияда бұл “қасақана кісі өлтіру” ретінде тергеліп жатыр, ал бізде “дене жарақатын салу және азаптау фактісі” болып есептеледі. Бұл ақпарат бізге кейін түсті. Қазір тергеу жүріп жатыр", - деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ішкі істер министрлігі жәбірленуші тараппен және адвокаттармен байланыста.

"Біздің елдегі қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу жалғасып жатыр. Германия тарапымен өзара әрекеттестікке қатысты түсініктеме беруге менің құқығым жоқ", - деді вице-министр.

Еске салсақ, 2024 жылдың маусымында Германияда тұратын қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаева із-түссіз жоғалып кеткені хабарланды. Ол 4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға алып кеткен, содан кейін одан еш хабар болмаған. Он күндей өткенде келіншектің денесі Германиядан пакетке оралған күйде табылғаны мәлім болды. Сайлыбаевамен бір уақытта оның 49 жастағы енесі Наталья Донцова да жоғалып кеткен. Ол Сайлыбаева жоғалған күні немересін балабақшадан алып келгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен. Артынша енесі Сайлаубаеваны өлтірді деген күдікке ілінді. Германияда экс-судья Сайлыбаеваның өліміне күдіктілер әлі қамауға алынбаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар