сенбі, 18 қазан, 2025 16:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кәмшат Жолдыбаева тойдағы суреттерін жариялады

Кәмшат Жолдыбаева тойдағы суреттерін жариялады
Камшат не себепті киноға түспей жүргенін де түсіндірді:.

«КешYOU» тобының бұрынғы солисі, әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет тойынан сурет жариялап, күйеуі – актер Ғазрет Ержановпен қалай танысқанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Жанкүйерлер Кәмшаттан: ол қазіргі жары «Ғазрет Ержановпен «Рауза» телехикаясының түсірілімі кезінде танысқан деген рас па?» деп сұрады. Әнші бұл ақпаратты растады – олардың таныстығы дәл сол сериалдың түсірілім алаңында басталған екен.

Әлеуметтік желідегі оқырмандары Кәмшаттан үйлену тойындағы суреттерін көрсетуін өтінді.

Біз сіздің тойыңыздан суреттерді әлі көрмеппіз ғой, – деп жазды желі қолданушылары.

Жолдыбаева көпшіліктің өтінішін орындап, жұбайымен бірге тойдағы суретін жариялады. Суретте Кәмшат ұлттық киім мен ақ орамал тағып тұр, ал Ғазрет ақ жейде киіп, камераға қарап жымиып, көзін қысып түскен.

Сонымен қатар Камшат не себепті киноға түспей жүргенін де түсіндірді:

Шүкір, шақыртулар көп. Бірақ киноға түспей жүруімнің өз себептері бар. Мен киноны сағындым, кино да мені сағынған болар – бір күні бәрібір қайта қауышамыз, – деп жазды актриса.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар