сенбі, 11 қазан, 2025 15:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасын жеңді

Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасын жеңді
Ұлттық құрама ойынды кездесуді 4:0 есебімен түйіндеді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойында Лихтенштейн командасын сенімді түрде ұтып, өз жанкүйерлерін қуантты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері ойын тізгінін өз қолына алды. 26-минутта семейлік «Елімай» клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек есепті ашып, команданы алға шығарды. Екі минут өтпей жатып, ұлттық құраманың көшбасшысы Бахтиер Зайнутдинов есепті 2:0 етіп ұлғайтты.

Екінші таймда да қазақстандықтар басымдығын сақтап, қысымын тоқтатқан жоқ. 59-минутта Кенжебек дубль жасап, өзінің мінсіз ойын формасын дәлелдеді. Ал матчтың соңына қарай, 81-минутта қорғаушы Әлібек Қасым ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соғып, кездесуді 4:0 есебімен түйіндеді.

Кездесудің үздік ойыншысы болып екі гол және бір нәтижелі пасымен көзге түскен Ғалымжан Кенжебек танылды. Қазіргі таңда ол ұлттық құрамада 9 ойын өткізіп, 3 гол соққан.
Басты шабуылшы Бахтиер Зайнутдиновтың еншісінде 43 матч пен 15 гол бар. Бұл көрсеткіш оны Қазақстан футболының тарихындағы ең нәтижелі ойыншылардың қатарына қосады.

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, J тобының турнирлік кестесінде төртінші орынға жайғасты. Топта Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн құрамалары өнер көрсетіп жатыр.

Али Алиев жаттықтыратын ұлттық құрама келесі кездесуін 13 қазан күні сағат 23:45-те Скопье қаласында өткізеді. Қазақстандықтар сырт алаңда топтың көшбасшысы – Солтүстік Македония құрамасына қарсы ойнайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар