
Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші рет ана атанды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz . Бұл туралы блогер Сәкен Қағаров өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
“Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары блогерлер отбасын жаппай құттықтап жатыр.
“Бауыр берік болсын”, “Қандай күшті жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына қуаныштымыз”, “Алла денсаулық берсін”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекованың бірінші некеден Назар есімді ұлы бар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.