Қоғам
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
- авторОймақ
- 2 сәуір, 2024
- 360
Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Ашық НҚА порталында БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.
Аталған шешімге сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалып, оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.
Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.