сәрсенбі, 10 қыркүйек, 2025 18:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтады

Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтады
Мәжіліс
Депутаттың құттықтауына әріптестері қол шапалақтап қолдау көрсетті.

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ресми отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Парламент отырысында сауал жолдамас бұрын, Назаров алдымен анасын 70 жасқа толуымен құттықтауды жөн көрді. Анасына деген жүрекжарды лебізін ол парламент мінберінде жария етті.

«Қадірлі анашым. Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрыңызға шомылып өстім. Әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін», – деді Назаров.

Депутаттың құттықтауына әріптестері қол шапалақтап қолдау көрсетті. Дегенмен, парламент қабырғаларында мұндай әрекет қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар