сенбі, 23 тамыз, 2025 14:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бестеректегі жол апаты: санавиация екі баланы Астанаға жеткізді

Бестеректегі жол апаты: санавиация екі баланы Астанаға жеткізді
Фото әлеуметтік желіден
Үшінші баланың жағдайы әлі ауыр.

Санитариялық авиация борты Бестеректе жол апатынан зардап шеккен екі баланы Астанаға жеткізді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Балалар Астана қаласындағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылады.

Ал тағы бір зардап шеккен бала – тоғыз жастағы қыздың жағдайы тұрақсыз болғандықтан, өңірде қалған.

Еске салсақ, Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында үйдің жанында, жол жиегіне жақын жерде ойнап жүрген балаларды жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, оларды қағып кеткен еді. Оқиға салдарынан үш бала көз жұмып, енді үшеуі ауруханада жатыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар