бейсенбі, 14 тамыз, 2025 3:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Канадада зағип зейнеткер әйелдің көзіне тіс салып, көру қабілетін қайтарды

Канадада зағип зейнеткер әйелдің көзіне тіс салып, көру қабілетін қайтарды
Фото: pixabay.com
Канадада зағип әйелдің сол көз ұясына тіс имплантациялау арқылы көру қабілетін жартылай қалпына келтірді.

75 жастағы Гейл Лейн он жыл бұрын роговицасында тыртық қалдырған аутоиммундық аурудың салдарынан көзінен айырылған. Ол — Канадада "көздегі тіс" деп аталатын (остеоодонтиялық кератопротездеу) сирек отаны өткерген үш әйелдің бірі.

Оның айтуынша, отадан кейін ең алғаш жарықты және серіктесінің қызметтік иті бұлғап тұрған құйрығын көрген. Ал операция толық аяқталғаннан кейін алты ай өткен соң, Гейл көзі қайта көрген кезде, бұрын зағип кезінде танысқан сүйіктісі Филдің жүзін алғаш рет көрген.

Ванкувердегі Маунт-Сент-Джозеф ауруханасының офтальмологы Грег Молони Канадада бұл сирек отаны алғаш жасаған дәрігер болды. Дәрігердің сөзінше, процедураның алғашқы кезеңінде науқастың тісі алынып, бірнеше ай бойы ол бетінің ішкі жағына (ұртқа) салынып, берік дәнекер тінмен қоршалғанша сонда ұсталады.

Кейінірек ұртынан тіс пен тін алынып, оның тесігіне линза немесе пластикалық фокустайтын телескоп орнатылады.

"Бұл күрделі әрі әдеттен тыс операция, бірақ негізінен роговицаны алмастыруға саяды", – деді Молони.

Биыл мамыр айында АҚШ-та алғаш рет мойын омыртқасындағы ісікті көз ұясы арқылы алып тастау отасы жасалды. Ісік миға жауапты маңызды орталықтарға қауіп төндіріп, жоғарғы мойын омыртқаларын қамтыған. Оны жұмсақ тіндер арқылы алу өте қауіпті болғандықтан, дәрігерлер көз ұясын пайдаланған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар