бейсенбі, 14 тамыз, 2025 3:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы Қырғызстанда өтеді

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы Қырғызстанда өтеді
Фото: Akorda.kz
4-15 тамызда Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді

Іс-шарада ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшылары Одақ аясындағы интеграциялық өзара іс-қимылға қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылайды. 

ЕЭК мәліметтері бойынша төмендегі шараларды қарастыру жоспарланып отыр: 

– ЕАЭО шеңберінде жалпы биржалық (ұйымдастырылған) тауар нарығында биржалық сауданы дамыту бағдарламасын бекіту туралы; 

– 2024 жылға арналған трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және олардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша қабылданған шаралар туралы ЕЭК-тің жыл сайынғы есебі туралы; 

– 2024 жылы ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру барысы туралы есеп; 

– 2024 жылы ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру барысы туралы есеп; 

– ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2024–2026 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы; 

– 2024 жылы ЕАЭО кеңістігінде жүк теміржол көлігін цифрландыру бойынша бірінші кезектегі шаралар жоспарының және ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жоспарының «Көлік дәліздерін цифрландыру» бөлімінде көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы; 

– климаттық күн тәртібіндегі мәселелерді реттеу тәсілдерін іске асыру бойынша ЭҚБЖ нұсқауларын орындау туралы; 

– ЕАЭО еңбек нарығында ең сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарын жақындастырудың орындылығы және кәсіби біліктілікті растау тәртібі туралы есеп; 

– ЕАЭО-да жалпы дәрілік нарықты дамыту тұжырымдамасы туралы; 

– ЕАЭО-да медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы туралы. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар