Асе лақап атымен танымал Ninety One тобының мүшесі сүйіктісін көрсетті
- авторОймақ
- 24 шілде, 2025
- 69

Асе лақап атымен танымал Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашмақын көпшілікке өзінің сүйіктісін көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі сүйіктісімен бірге түскен видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Арудың есімі – Нұрила (Шәкірова). Оның Instagram парақшасында «продюсер» деп көрсетілген.
Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді.
Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Жарық махаббатқа толы өмір кешіңіздер. Бақытты болыңыздар!
Баршаңызға бақыт тілеп келдім, енді кезек маған келген сияқты.
Танысып қойыңыздар, Нұрила, - деп жазды әнші.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен видеосын жариялаймын деп сынға қалды
- авторОймақ
- 24 шілде, 2025