"Қыздарымыз ұяттан айрылып барады": Амалбек Тшанов кейбір қазақ қыздарының киім киісіне көңілі толмайтынын айтты
- авторОймақ
- 24 шілде, 2025
- 61

Танымал қоғам қайраткері Амалбек Тшанов көкірегі мен санын ашып жүретін қыздарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Ол бұл туралы Qazaq.Airan YouTube арнасында берген сұхбатында айтты.
– Ұлы сөздің ұяты жоқ дейді ғой, біз қазақ болғаннан кейін, үйленгеннен кейін қалыңдық міндетті түрде ол қыз болуы керек. Ол ешқандай өзінің қыздық арын сақтай отырып, соны өзінің жарына ғана арнау керек. Осындай тазалықты біздің ұлттық негізіміздің бәрі айналып келгенде халықтың бірігуіне, адалдыққа, тазалыққа намысшыл болуға алып келеді.
Қазір өкінішке қарай бізде ер-азаматтарды намыс дегенді ояту өте қиын. Оны ағалық көзіммен айтып отырған әңгімем, оны жұрт, жастар ренжімес деп ойлаймын. Ал қыздарымыз ұяттан айырылған заман. Қалай болса солай киіну, өзіне мән бермеу, көкірегін ашып жүру, аяқ, санын ашып жүру. Өзінің жүріс-тұрысына мән бермеу сияқты заман болып кетті», – деді қоғам қайраткері.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін бірқатар өңірде аптап ыстық, найзағай мен өрт қаупі күшейеді
- авторОймақ
- 23 шілде, 2025