
Қайғылы оқиға Фёдоровка ықшамауданындағы жетінші кәріз-сорғы станциясында құдықтың бірін тазалау барысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жабық кеңістікте метан газымен улану салдарынан тұншығып қалған. Мұндай орындарда бұл газ жиі жиналатыны белгілі.
"Бұл факт расталды. “Қарағанды Су” ЖШС-нің екі қызметкері жұмыс барысында көз жұмды", – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Еңбек инспекциясы тарапынан тексеру жүргізілуде, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу басталды.
“Қарағанды Су” компаниясында әзірге тергеу нәтижесі шықпайынша толық түсініктеме беруден бас тартты.
Айта кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова былтыр Қазақстанда жұмыс орнында 220 адам қаза тапқанын мәлімдеген еді. Өндірістік жарақаттан 1 448 қазақстандық зардап шеккен екен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.