сейсенбі, 24 маусым, 2025 22:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мирзиёевтің қызы енді Президент Әкімшілігін басқарады

Мирзиёевтің қызы енді Президент Әкімшілігін басқарады
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Өзбекстан президентінің жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының лауазымы қайта енгізіліп, бұл қызметке Саида Мирзиёева тағайындалды.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

2023 жылдың тамызынан бастап Саида Мирзиёева Президенттің көмекшісі қызметін атқарған. Оған дейін, 2022 жылдың қарашасынан бастап, Президент Әкімшілігінің атқарушы аппаратына қарасты коммуникациялар және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі болған.

Саида Мирзиёева – Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік заң университеті мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.

Бұған дейін ол Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары, сондай-ақ Ұлттық масс-медиа қолдау және дамыту қоры қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің құрылымы өзгеріп, аталған лауазым таратылған болатын. Енді қайта енгізілген бұл қызметті соңғы рет 2022-2023 жылдары Сардор Умурзаков атқарған еді. Қазір ол Президенттің арнайы тапсырмалар жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар