сәрсенбі, 25 маусым, 2025 3:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы облысында анасы баласын құтқармақ болып, екеуі де суға кетті

Алматы облысында анасы баласын құтқармақ болып, екеуі де суға кетті
Фото: ашық дереккөз
Алматы облысындағы Талғар өзенінде әйел баласын құтқаруға ұмтылып, екеуі де суға кетті.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Алматыдан демалуға келген 10 жастағы бала отбасымен бірге өзен жағасында жүргенде Талғар өзеніне құлап кеткен. Баласын көріп қалған анасы оны құтқаруға бірден суға секірген. Алайда екеуі де судан тірі шықпады.

Құтқарушылар кейін әйелдің денесін тапты.Ал баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қазіргі уақытта құтқарушылар өзеннің арнасын бойлап, су қоймасына қарай іздестіру жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстарына шамамен 70 адам мен 18 техника бірлігі жұмылдырылған. Баланы тек құтқарушылар ғана емес, еріктілер мен бейжай қарамайтын тұрғындар да іздеуде.

Еске салсақ, мұндай жағдай Шығыс Қазақстан облысында да орын алды. Марқакөл ауданындағы Қара Ертіс өзенінде болған қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Жасөспірім қыз бала рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп, суға бата бастаған. Оны құтқаруға 1991 және 1992 жылы туған екі ересек адам ұмтылғанымен, қатты ағынмен күресе алмай, үшеуі де су астында қалған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар