дүйсенбі, 23 маусым, 2025 19:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей қалды

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей қалды
instagram.com/atyrauoil.official
Ұйымдастырушылар жалдау ақысын төлемеген.

Атырауда өтуі тиіс болған әншілер Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті күтпеген жерден тоқтатылды. Кешке ерте жиналған көрермендер концерттің басталуын ұзақ күткенімен, ақыры тарауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Кейін белгілі болғандай, шара ұйымдастырушылары концерт өтетін зал мен техникалық жабдықтар үшін жалдау ақысын төлемеген.

Ерте келдік, бірақ ішке кіргізбеді. Біраз күттік. Кейін концерт болмайтынын, себебі ұйымдастырушылар жалдау ақысын төлемегенін айтты, — деді көрермендердің бірі.

Жағдайды түсіндіру үшін әнші Мирас Жүгінісов өзі далаға шығып, жиналған халықтан кешірім сұрады. Ол бұл оқиға туралы алдын ала хабарсыз болғанын жеткізді.

Біз де сахнаға шығамыз деп ұзақ күттік. Бәрі шешіледі деп сендік. Алайда, зал мен жабдыққа ақы төленбегені анықталды. Кешірім сұраймыз, — деді Мирас.

Ұйымдастырушылар көрермендерге билет құнын қайтаруға уәде берді. Айта кетейік, кешті көруге көрші қалалар — Кұлсары мен Оралдан арнайы келген тыңдармандар да болған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар