
Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу 20 маусымда яғни өткен жұма күні жарияланған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталына сілтеме жасап.
Оны іздеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жариялаған.
Тәткеева Қарлығаш Құрмашқызына 2025 жылғы 20 маусымна бастап іздеу жарияланды. Жұмысты агенттіктің Жедел іздестіру органы іске асырады, — делінген Қылмыстық іздестіру деректері порталы жариялаған мәліметте.
Алайда, Антикор Тәтккеваны нақты қандай қылмыс бойынша күдікті ретінде іздеу жарияланып жатқанын көрсетпеген.
Тәткеева Жоғарғы соттым қазіргі сенатор Жақып Асанов басқарған кезеңде Жоғарғы Сот төрағасының азаматтық істер жөніндегі кеңесшісі болған. Тәткеева өзінің сот органдарындағы жылдарында Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, сондай-ақ Астана сотының судьясы болып қызмет атқарған. .
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.