сенбі, 7 маусым, 2025 0:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйеліне қолдау білдірді

Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйеліне қолдау білдірді
фото әлеуметтік желі
Жақында Әселдің кітабы шығады.

Белгілі әнші Айқын Төлепбергеннің жұбайы Жұлдыз Өмірғали оның бірінші әйелі Әселге қолдау білдірді, деп жазады Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жақында Әскелдің кітабы жарыққа шығады. Жұлдыз Өмірғали Instagram-дағы сторисінде Әсел Төлепбергеннің жарық көретін кітабы туралы жазбасын бөліскен.

Еске салайық, Айқын Төлепберген бірінші әйелі Әселмен “Студенттік көктем” фестивалінде танысқан, ал 2018 жылы онымен ажырасып кеткен. Осы оқиғалар аралығында, 2015 жылы, әнші Шымкентте “КешYOU” тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалимен кездесті. Ұзақ уақыт бойы оны әншінің жанкүйерлері сынға алғанымен, кейіннен олардың отбасы жарасымына тәнті бола бастады.

2024 жылдың қазан айында қазақстандық өнер иелері Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тоғыз жылдық некеден кейін сәнді үйлену тойын өткізді. Жұлдыз бен Айқын бұл қуаныштарымен әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісіп, оларды бал айындағы естеліктерімен де қуантты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар