дүйсенбі, 12 мамыр, 2025 23:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды": Руслан Берденов ауруханадан шықты

"Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды": Руслан Берденов ауруханадан шықты
фото: ашық дереккөз
Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауруханадан шықты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Аikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

– Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Алайда сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді, – деп жазды ол парақшасында.

Ол өмірінің қиын кезеңінде қолдау білдірген жандарға ризашылығын білдірді.

– Міне, 3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді. Әсіресе, @kabylov_dauren @dr.ashirbaev_erlan @1.qalalyq.auruhana ұжымына. Осы уақыт ішінде мен еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткіздім. Ақ халатты абзал жандарымыздың мейірімі мен кәсібилігі де ризашылығымызға әбден лайық.  Баршаңыздың қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңызға шексіз алғысымды айтамын, – деді ол. 

Еске салсақ, 22 сәуірге қараған түні Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалып, жамбас пен иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Кейін әкімдік өкілдері шабуыл жасаған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар