сенбі, 3 мамыр, 2025 2:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық банк доллар бағамы туралы мәлімдеме жасады

Ұлттық банк доллар бағамы туралы мәлімдеме жасады
Pixabay.com
1 АҚШ доллары – 512 теңге.

Сәуір айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 512,48 теңгеге дейін 1,6%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 243 млн АҚШ долларынан 246 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,4 млрд АҚШ доллары болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық банк мәліметінше, сәуірде Ұлттық қордан 968 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 18%-ын немесе күніне шамамен 44 млн АҚШ долларын құрады. 

Республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша мамырда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 950 млн АҚШ долларынан 1050 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды.

Сәуірде «айналау» операциясы аясында 213 млрд теңге алынды. Мамыр ішінде осы мақсатта 213 млрд теңгеге баламалы мөлшерде валюта сатылады деп күтілуде.

Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ «айналау» тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді. Ұлттық банк сәуірде валюталық интервенция жүргізген жоқ.

Өткен айдың қорытындысы бойынша, валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сату көлемі шамамен 308 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығындағы сату процесін екінші деңгейлі банктер арқылы өз бетінше жалғастырып келеді.

Бұдан бөлек Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 40% деңгейінде ұстап тұру мақсатында сәуірде биржадағы сауда-саттықта 250 млн АҚШ доллары көлемінде шетел валютасын сатып алғанын алға тартты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар