сенбі, 3 мамыр, 2025 3:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бейбарыс Ерсейіт ауыр атлетикадан жеңімпаз атанды

Бейбарыс Ерсейіт  ауыр атлетикадан жеңімпаз атанды
Фото: IWF
Лимада әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.

Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды — 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады — 252 келі (113+139).

Айта кетейік, Ерсейіт өз санатында алғашқы бестікке енген ең жас қатысушы болды. Түркиялық және ресейлік спортшылар 2008 жылы туған болса, қазақстандық Ерсейіт 2009 жылдың 26 ақпанында дүниеге келген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар