Риддер қаласының тұрғыны интернетте құрылыс және жөндеу жұмыстарын жасайтыны жөнінде жарнама берген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол жалған мердігерлік шарттар жасасу арқылы жерлестерінің ақшалай қаражатын иемденіп, өзіне алған міндеттемелерді орындамаған.
Оның әрекетінен бес адамнан астам қала тұрғыны елеулі материалдық шығынға ұшыраған.
Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша (Алаяқтық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Атап өтейік, бұл баптың санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделген.
Полиция азаматтарды интернет арқылы мәміле жасағанда қырағы болуға шақырады. Қызмет ақысын төлемес бұрын, мердігердің беделін, шынайы пікірлердің бар-жоғын, ресми құжаттарын тексеріп, тек сенімді компаниялармен шарт жасасу қажет.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұлттық банк доллар бағамы туралы мәлімдеме жасады
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті
- авторОймақ
- 27 қараша, 2025
Ақтауда құлаған ұшаққа байланысты тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан шығады
- авторОймақ
- 25 қараша, 2025






