
Қазақстан халқының бірлігі күні ел тарихында ең ұзын лағман Алматыдағы «Айнабұлақ» шағын ауданындағы № 4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әзірленді.
Әкімдіктің мәліметінше, 1 704 метрлік лағман Қазақстанның рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.
Лағманның қамыры 19 келі ұннан иленген. Шараға 50-ден астам адам қатысқан. Тағам аспаздар мен облыс тұрғындарының күшімен екі сағатта дайындалған.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі этнос өкілдері ортақ дастарқанда ауызбіршілік танытып, иық тіресе еңбек етті.
«Лағман қанша метр болса да, рекорд орнады, өйткені мұндай шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Біз оның ұзындығын ғана емес, ұлтаралық байланыстың беріктігін де байқадық» - деп атап өтті Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
"Үйін жөндеп берем" деп алдап, ақша алған азамат ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Күйеуі саусақтарын балтамен шапқан: әйел жан сақтау бөлімінде жатыр
- авторОймақ
- 30 сәуір, 2025