сәрсенбі, 23 сәуір, 2025 22:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкент қаласы әкімдігі ресми түсініктеме берді

Шымкент қаласы әкімдігі ресми түсініктеме берді
фото: ашық дереккөз
Әкім орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеме жасады.

Жасөспірімнің өліміне қатысты қоғамда алаңдаушылық артқан тұста, Шымкент қаласы әкімдігі оқиғаға байланысты ресми түсініктеме бермей отыр. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеме жасап, әкімдіктің бұл мәселеге қатысты өкілеттігі шектеулі екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

«Қылмыс жасалынған жерде біздің өкілеттілігіміз жүрмейді. Қылмыс жасалынған жерде полицияның өкілеттілігі басталады. Өздеріңіз білесіздер, полицияның өкілеттігін құқық қорғау органдары өкілеттігі басталған жерде жергілікті атқарушы органның өкілеттігі жүрмейді», – деді Құранбек.

Оның сөзінше, тергеу амалдары жалғасып жатыр, ал оқиға бойынша қандай да бір пікір айту — прокуратура мен полиция құзырындағы мәселе. Жергілікті атқарушы органның тергеу барысына араласуға заңдық негізі жоқ екені тағы бір мәрте қайталанды.

Сонымен қатар, денсаулыққа қатысты барлық мәселені Денсаулық сақтау басқармасы жүргізіп жатқанын атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар