сәрсенбі, 23 сәуір, 2025 14:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бір жылда үйленген 124 мың жұптың 61 мыңы ажырасып кеткен

Бір жылда үйленген 124 мың жұптың 61 мыңы ажырасып кеткен
фото: pixabay.com
Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс басталған секілді.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, Қазақстанда 2023 жылы отау құрған 124 мың жұптың жартысына жуығы ажырасқан. Ол бұл көрсеткішті отбасылық-неке қатынастарындағы дағдарыстың салдары деп бағалайды, деп хабарлайды  Qaz365.kz 

Оның айтуынша, осы жылдың басында алимент өндіруге қатысты 283 мың құжат болған. Оның 12 835 немесе 4% пайызы проблемалы және олар бойынша алимент төленбейді. Оларға қатысты атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ететін мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылады.

Елде жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, жұмысқа орналастырылған борышкерлердің саны жыл сайын артып келеді (2020 ж.- 1 559, 2021 ж.- 2 224, 2022 ж. - 2 150, 2023 ж. - 4 238) және 2024 жылы 6 232 борышкерді құраған. Борышкерлерге қатысты қолданылатын шаралардың ең соңғысы оларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту. 2024 жылы 4 642 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша 745 іс тіркелген, сотқа 461 іс жіберілді, 391 борышкер сотталған, – дейді министр.

Оның айтуынша, бұл шараларды қабылдау алимент төлемеу мәселесін толығымен шешпейді. Министрдің сөзінше, балаларын асырауға ниеттің болмауы, алимент төлеуден жалтару отбасылық-неке қатынастары дағдарысының салдарына айналған. Бұған дәлел – тіркелген 61 080 ажырасу санын құрайтын статистикалық көрсеткіш, бұл неке қию санының (124 774) жартысына жуығын құраған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар