
Тараз қаласында 10 сынып оқушысы сәбилерді өрттен аман алып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Таразда №54 мектептің 10-сынып оқушысы Қадырәлі Қыздарбек нағыз батыр атанды. 15-шағын аудандағы пәтерлердің бірінде өрт шыққанда, жасөспірім сасқалақтамай, түтінге толған бөлмеден екі кішкентай баланы аман алып шыққан.
Куәгерлердің айтуынша, Қадырәлі достарымен бірге сабақтан қайтып келе жатқанда, бесінші қабаттың терезелерінен шыққан қою түтінді байқап қалады. Тұрғындар абыр-сабыр болып сыртқа жүгіріп жатқанда, ол бірден подъезге қарай жүгірген.
«Іште балалар болған — бірі бесікте, екіншісі қасында. Қадырәлі оларды далаға алып шығып, ересектерге табыстады. Сосын пәтерде басқа ешкім қалмады ма деп қайта кіріп шықты. Мұның бәрі құтқарушылар келмей тұрып болған еді», — дейді көршілері.
Өрт сөндірушілер келгенде, мектеп оқушысы ешкімге білдірместен сөмкесін алып, үйіне кете барған.
“Даңғаза жоқ, алғыс күтпейді. Мұндайларды: "Нағыз азаматты жастайынан танисың" дейді. Қадырәлі, сенің әрекетің — ерлік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі. Сенімен тек отбасың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы мақтана алады”, – деп жазып жатты желі қолданушылары.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді
- авторОймақ
- 22 сәуір, 2025