Нығматулиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалған ба: Қаржылық мониторинг агенттігі пікір білдірді
- авторОймақ
- 16 сәуір, 2025
- 76

Қаржылық мониторинг агенттігі Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты істің кейбір егжей-тегжейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сәуірдің басында БАҚ-та Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Тіпті, бұл дерекке қатысты Алматы полициясы Қылмыстық кодекстің 389-бабы ("Өз бетінше билік ету") бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Бап бойынша ең төменгі жаза - 80 АЕК (2025 жылы 314 560 теңге) мөлшерінде айыппұл, ең жоғары жаза - қылмыстың ауырлығына байланысты 3-7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру.
Кейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұржан Нұрлановқа қатысты полицияға арыз түскенін, қазір қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Нұрлановтың мәртебесі қандай екені нақтыланбаған.
Алайда Қаржылық мониторинг агенттігі бұл істі жоққа шығармады.
"Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті рейдерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл істі бұған дейін Алматы Полиция департаменті тіркеген болатын", - делінген хабарламады.
Қазақстанда рейдерлік үшін (ҚК-нің 249-бабы) ең төменгі жаза - 5 мың АЕК (19,6 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл, ең жоғары жаза - қылмыстың ауырлығына байланысты 8-12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру.
Осылайша, бұл іс қайта сараланған болуы немесе тергеу қатар жүргізіліп жатқан болуы мүмкін. ҚМА бұл жайлы нақтыламаған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.