сейсенбі, 1 сәуір, 2025 23:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жамбыл облысында жүкті келіншек жұмбақ жағдайда көз жұмған

Жамбыл облысында жүкті келіншек жұмбақ жағдайда көз жұмған
фото: ашық дереккөз
Жас ананың мәйітін қойма ішіне жасырып қойған.

Жамбыл облысында жүкті келіншек жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz сайтына  сілтеме жасап. 

Сорақысы сол 25 жастағы жас ананың мәйітін, қойма ішіне жасырып қойған дейді жақындары. Сұмдық жағдай Шу аудандық көпбиінді орталық ауруханасында болған. Науқастың қалай, қандай жағдайда қаза тапқаны белгісіз. Өйткені ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген Әдемі Ешеналиеваны ақ халаттылар әжетхана ішінде ес түссіз күйде жатқанда көріпті.

Келінінің кебінмен шыққаны жақындарының күдігін күшейткен. Бекер емес, телефонмен тілдескен сайын сала мамандарының салықтығына жиі шағымданушы еді дейді туыстары. Соңғы хабарламасында жолдасына ауруханадан гөрі халық еміне жүгінейік деп жалыныпты. Бірақ, жансақтау бөлімінде жатыр деп ешкімді жуытпапты. Жасырып отыр ма деп мәйітхана барып тексереді. Онда да жоқ болып шығады. Сөйтсе дәліздегі қуыс қоймадан мәйітін тапқан туыстары ақхалаттылардың арты қуыс екеніне сенімді. Жарты айдан бері дәрігерлердің бақылауында болған Әдемі Ешеналиеваға еш ем қонбады дейді. Бесінші күні жағдай ушығып жансақтау бөліміне түскен. Сол күнгі кезекші акушер Әдеміні әжетханадан тауып алғанын айтады.

“Бірдеңе тарс ете қалды. Санитаркада менде естідім. Өйткені тишина болды прям балада жылаған жоқ. Түнгі сағат екіден 38 кеткен уақытында жүгіріп бардық. Тулетке жүгірдік. Барсам мына есік ашылмайды Әдемі, Әдімі дедім. Жәй аштым да, кірсем былайынан неғып жатыр екен. Былай отыр екен. Әдемі, Әдемі десем слух жоқ”, – дейді кезекші акушер Сандуғаш Бекенова.

Бірақ бұл айтылғанды туыстары жоққа шығарады. Айтуларынша Әдемі әжетханада ұзақ жатып қалған. Өйткені, бейне бақылаудағы уақыт пен дәрігерлердің айтқаны сай келмейді дейді туыстары. Ал жансақтау бөлімінің дәрігерлері жарытып жауап бере алмады.

“Бізден әлі допрос алып жатыр. Әлі сот сараптамасы жүріп жатыр. Мен толық ақпарат бере алмаймын. Реанимацияға кіргенде жаны болды ма болмады ма ол жағын айта алмаймын. Ештеңе айта алмаймын. Ал туалетте қалай жатып қалғаны туралы да ештеңе айта алмаймын”, – дейді жансақтау бөлімінің дәрігері Ғани Байсымаков.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар