
Түркия халқы қасиетті Рамазан айынан кейін бірден басталатын Ораза айтта бірден 9 күн демалатын болды.
Бұл туралы жаңалықты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
«Мектептердегі көктемгі каникул мерзімімен тұспа-тұс келген Ораза айт мерекесі күндері барлық түркиялықтар отбасымен бірге демалуы үшін осындай игі қадамға бардық», – деді Режеп Тайып Ердоған.
Үш күндік айт мейрамынан кейін келетін 2, 3, 4 сәуір жұмыс күндері де Президент жарлығымен демалыс болып есептеледі. Бұған дейінгі жылдарда түркиялықтар Ораза айтта үш күн, Құрбан айтта 9 күн демалатын болған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ерликая: Түркиядағы заңсыз наразылықтар кезінде 123 полиция қызметкері жараланды
- авторОймақ
- 25 наурыз, 2025