дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 16:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Асхат Тағыбергенге айына 20 миллион төленеді – Ғабит Сыздықбеков

Асхат Тағыбергенге айына 20 миллион төленеді – Ғабит Сыздықбеков
Фото: ФК Ордабасы
Шымкент қаласының әкімі жергілікті тұрғындармен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сенбі күні жергілікті тұрғындармен кездесті. Сол жерде «Ордабасы» клубының мәселесі айтылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әдетте, футболшылардың жалақысы коммерция ретінде құпия ұсталатын. Бұл жолы әкімі көп жалақы ойыншылардың атын жария ете салды. Оның сөзіңше, «Ордабасыда» қазір 15-20 миллион айлық алып отырғандар бар.

Ойыншылардың орташа айлығы - 15 миллион теңге. Екі жылға келісімшартқа отырған. УЕФА-ға тіркеп қойған. Біз оны тоқтатсақ, онда соңына дейін айлығын төлеп беруіміз керек. Ештеңе істей алмаймыз. Бәрімен сөйлесіп, біртіндеп кетіріп жатырмыз. Ашығын айтайын, Асхат Тағыберген сияқты ойыншылар қазір ойнай алмайды да, кетпейді де, отыр. 20 миллион теңге жалақыдан алып отыр. Мен ештеңе істей алмаймын. Тоқтатсам, соңына дейін төлеп беруім керек, - дейді Ғабит Сыздықбеков.

«Ордабасы» клубы 2023 жылы алғаш рет өз тарихында Қазақстан чемпионы атанған. Сол кезде команда капитаны Асхат Тағыберген жылдың үздік ойыншысы болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар