бейсенбі, 13 наурыз, 2025 10:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үш балуан алтын жеңіп алды

Үш балуан алтын жеңіп алды
Фото: Instagram/qazaqkuresi.kz
Дели қаласында ересектер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр

Үндістанның астанасы Дели қаласында ересектер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада үш қазақ балуаны чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

60 келі салмақ дәрежесінде күрескен Мейіржан Берекетов финалда грузин балуанын жеңіп, әлем чемпионы атаны.

Тағы бір қазақстандық балуан Нұр Аманшүкіров 66 келі салмақ дәрежесінде күресіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Финалдық белдесуде ол Грузия спортшысын жеңіп, алтын жүлдені иеленді.

Жұмажан Қожамбеков те қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды. Үндістанда өткен әлем чемпионатында 74 келі салмақта күрескен отандасымыз финалда тәжік балуанын ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар