жексенбі, 2 ақпан, 2025 18:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Болат Жәмішев қызметінен кетті

Болат Жәмішев қызметінен кетті
Ulysmedia
Басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдаған.

«Қазақстан халқы» қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдаған. 

- Басшылық жасаған кезінде Болат Жәмішев қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болып, оның 62-сін іске асырды. 29 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қор Басқармасының мүшелерінің қатысуымен өткен брифингте «Қазақстан халқына» қорының жұмыс нәтижелері туралы баяндады, дейді қор өкілдері. 

Болат Жәмішев қызметінен кетуіне қатысты:

- Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілікті іс болды. Қор қызметінде біздің бастамаларымызды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Біз бірігіп айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және Қордың жаңа басшылықпен өз дамуын жалғастыра беретініне сенімім мол. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын, - деп пікір білдірді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева сайланды.

Ол бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Атамекен» ҰКП құрметті қызметкері» медалімен марапатталған. 

Сондай-ақ, қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма мүшесі етіп сайлады. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар