Қазақстан-Британ университетінің студенттері енді қашықтан оқиды
- авторОймақ
- 13 қаңтар, 2025
- 704
Қазақстан-Британ университетінің студенттері онлайн оқитын болды.
Бұл туралы Қазақстан-Британ университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қазақстан-Британ университетінің студенттері бүгіннен бастап 20-қаңтарға дейін уақытша онлайн оқиды. Бұған оқу ғимаратында болған өрт себеп болып отыр. Өрт зардаптары толығымен жойылғанға дейін университетіміздің білім алушылары қашықтан білім алады”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, қаңтардың 11-нен 12-сіне қараған түні ғимараттың шатырынан өрт шығып, мәжіліс залы мен бірнеше әкімшілік бөлмеге зақым келген. 120 шаршы метр аумақты алған қызыл жалын 3 сағатта толық сөндірілген болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
2025 жыл: стипендия мөлшері артты
Ұқсас жаңалықтар
Нұрайдың өліміне байланысты полиция қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды
- авторОймақ
- 22 қаңтар, 2026
Атырау облысында түнгі клубта ер адамды бірнеше адам жабылып, аяусыз ұрып-соқты
- авторОймақ
- 22 қаңтар, 2026






