дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 5:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте кезекте тұрған 183 тұрғынға пәтер кілттері табысталды

Шымкентте кезекте тұрған 183 тұрғынға пәтер кілттері табысталды
Фото: Шымкент әкімдігінің баспсөз қызметі
Жаңа жыл қарсаңында 183 отбасына арендалық пәтерлердің кілттері табысталды

Шымкентте халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында белсенді және ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында Жаңа жыл қарсаңында 183 отбасына арендалық пәтерлердің кілттері табысталды. 
“Көрме” орталығында өткен кілттерді тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін айтулы оқиғамен құттықтап, қалада жыл сайын тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға тікелей бағытталған. 
Айта кетейік, көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топ өкілдері Асар-2 және Тұран шағын аудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерден жаңа пәтерлерге ие болды.
Сонымен қатар, кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және аз қамтылған азаматтарды ынталандыру мақсатында биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 793 отбасы ипотекалық пәтер алды, оның ішінде 519 отбасы әлеуметтік көмек ретінде өтеусіз негізде тұрғын үй сертификаттарына ие болды. Сонымен қатар, 877 отбасы арендалық тұрғын үйге орналасты. 
Биыл “Qamqor” өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында 400-ге жуық отбасына несие беру үшін жергілікті бюджеттен 5 млрд.теңге бөлініп, тағы 3 млрд. теңге “Отбасы Банк”АҚ тарапынан қаралды.

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар