Имамдарға қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді
- авторОймақ
- 23 желтоқсан, 2024
- 165
Қырғызстанда 2025 жылдың наурызынан бастап мешіттегі діни қызметкерлерге қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ел президенті елдегі дін мәселесіне көңіл бөлмек.
Бастапқыда жалақы 8 мың сом (48 мың теңге) болса, жыл соңына дейін 20 мың сом (120 мың теңге) болады деп жоспарланған.
Қайырымдылық қорына арнайы шот ашып, оған төлем жасау үшін мешіттерде арнайы QR-жәшіктері орнатылады. Бұл жәшіктерді орнатуды мемлекет өз мойнына алмақ.
"Молдалар басқа ағымдарға кеткендерді тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды. Ханафи масхабына қайтарады. Бөлінген барлық ағым тәртіпке келеді. Біз бір халықпыз, бірақ 15-20 ағымға бөліндік. Бұл қауіпті", – деді Жапаров.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Сингапур – білім берудегі шабыт көкжиегі
Ұқсас жаңалықтар
Түркияда шахтада жарылыс болып, екі жұмысшы үйінде астында қалып қойды
- авторОймақ
- 24 қаңтар, 2025