жексенбі, 2 ақпан, 2025 23:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алдағы үш күнде күн жылынады

Алдағы үш күнде күн жылынады
baq.kz
"Қазгидромет" синоптиктері 12-14 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидромет" синоптиктері 12-14 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялап, күн жылынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Oimaqnews.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райына солтүстік циклонның екпіні әсер етеді.

Сондай-ақ, метеорологтар батыста және оңтүстікте екпінді жел соғып, қарлы бұрқасын күтілетінін жеткізді. 14 желтоқсанда Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады: жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Ал түнде ауа температурасының төмендеуі республиканың батыс аймағында ғана күтілуде: онда ауа температурасы 0-8 градус аязға дейін суытады.

Қалған облыстарда ауа температурасы біртіндеп көтерілетін болады:

солтүстік-батыста, солтүстікте – 3-10 аязға дейін,

Қазақстанның орталығында – 5-13 аязға дейін,

шығыста -10-20 аязға дейін,

республиканың оңтүстік-шығысында – 0-10 аязға дейін,

оңтүстік облыстарда – 8 градус аязға дейін – 2 градус жылы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар