дүйсенбі, 3 ақпан, 2025 2:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан  Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Фото: olympic.kz
Финалда өзбек боксшысымен жұдырықтасты.

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландтағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Махмұд Сабырхан 54 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбек боксшысы Шахзод Муззафаровпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасының боксшысы төрешілер шешімімен (4:1) жеңіске жетті.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – әлем чемпионы (2023), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022).

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (48 кг) финалда өзбекстандық Шодиержон Меликузиевтен төрешілердің шешімі бойынша (1:4) жеңіліс тауып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар