
Асхат Кучинчерековтің "Бауырына салу" фильмі Оскар сыйлығының “Шетел тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша үміткерлер қатарына енген.
Бұл жөнінде “baurynasalu.film” Instagram парақшасында хабарланды.
“Кинода бауырына салу дәстүріне сәйкес әжесінің тәрбиесіне берілген баланың бастан кешкені баяндалады. Әжесі дүние салғаннан кейін бала биологиялық ата-анасына іздеп барады. Алайда бала үшін олар бөтен адамдар сияқты әсер қалдырады”, – делінген фильмнің қысқаша баяндамасында.
Бұл кино қазір Оскар сыйлығына ұсынылған фильмдердің ұзын тізіміне кіріп отыр. Қаңтар айында үздік 9 фильм анықталып дауыс беру жүргізіледі. “Оскар 2025 сыйлығының” жеңімпаздары алдағы жылдың наурыз айында белгілі болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Асе лақап атымен танымал Ninety One тобының мүшесі сүйіктісін көрсетті
- авторОймақ
- 24 шілде, 2025
Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен видеосын жариялаймын деп сынға қалды
- авторОймақ
- 24 шілде, 2025