Жедел жәрдем қызметкеріне пышақ ала жүгірген астаналық ұсталды
- авторОймақ
- 3 маусым, 2024
- 366
Көмекке келген фельдшердің тамағына пышақ тақаған ер адам мас болған. Бұл туралы Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.
«Өткен демалыс күндері 103 пультіне жеделдіктің 3-ші санаты бойынша қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасын әйел адам шақырды. Көрсетілген мекенжайға келген уақытта дәрігерлер мас күйінде озбырлық танытқан ер адамды байқады. Жедел жәрдем қызметкері медициналық тексеруге кіріскенде, ер адам фельдшерді ұстап алып, оны бөлмеге сүйреп апарды да, фельдшердің тамағына пышақ тақаған. Екінші фельдшер бұл туралы «Алматы» ауданының кіші станциясының аға дәрігеріне хабарлап, полиция шақырды. Фельдшер полиция қызметкерлері келгенге дейін шабуылдан жалтарып үлгерді», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай ешкім жарақат алмаған және бұзақыны полиция оқиға орнында ұстады.
«Айта кету керек, елордада көмекке келген жедел жәрдем қызметкерлерінің өздеріне қауіп төнетін мұндай жағдай жалғыз емес. Тек 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында осындай тоғыз жағдай тіркелді», - дейді қалалық басқармадан.
Осы орайда, басқарма қала тұрғындарын медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетіп, оларға қатысты агрессивті әрекеттерден аулақ болуға шақырады.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің басты мақсаты – шұғыл медициналық көмек көрсету және пациенттердің өмірін сақтау екенін түсіну маңызды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
- авторОймақ
- 6 желтоқсан, 2024
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап кетті
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024