жұма, 22 қараша, 2024 17:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағандылық жігіт TikTok-тағы терроризмді насихаттаған жазбасы үшін 7 жылға сотталды

Қарағандылық жігіт TikTok-тағы терроризмді насихаттаған жазбасы үшін 7 жылға сотталды
фото ашық дереккөздерден алынды
Қарағандылық жігіт  TikTok-тағы жазбасы үшін 7 жылға сотталды

34 жастағы Қарағанды тұрғыны TikTok желісінде жариялаған жазбасы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Қылмыстық істі Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық соты қарады. Сотталушыға TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Сот ер адамның қарулы жиһадқа шақыратын діни мазмұндағы жазбалар мен видеоларды жариялағанын анықтады.
Сотталушы кінәсін толық мойындады. Ол істеген ісіне өкінетінін айтып, соттан ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

Сот оны қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігінде көзделген "Терроризмді насихаттау немесе бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризм актісін жасауға жария шақыру" бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады.

Бұған дейін терроризмді насихаттағаны үшін жеті қазақстандық және  бір шетел азаматы сотталды. Тергеу барысында олардың өз ортасында идеология насихаттап, зайырлы өмір салты мен конституциялық құрылысқа өшпенділік ұялатқаны анықталды.

Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде көлемді діни-экстремистік бағыттағы әдебиеттер тәркіленді. Сотталушылар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар