сәрсенбі, 25 қараша, 2026 9:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астаналық студенттер бір мезетте 300 сарбазға арнайы хат жазды

Астаналық студенттер бір мезетте 300 сарбазға арнайы хат жазды
Ұлттық ұлан
Оларды жауынгерлердің қолына табыстады.

Астаналық студенттер Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген 300 сарбазға арнайы хат жазып, оларды жауынгерлердің қолына өздері табыстады.

Ерекше бастаманы Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің әскери кафедрасы мен әскери бөлім қолға алған. «Сарбазға хат» атты әскери-патриоттық акция аясында жастар 5573 әскери бөліміне арнайы келіп, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатарластарына қолдау білдірді.

Сарбазға арналған хаттардың әрқайсысында алғыс пен ізгі тілек жазылған. Студенттер, осылайша, күнделікті әскери тәртіп пен жауапкершілікті арқалап жүрген жауынгерлерге ерекше көңіл бөлуді мақсат еткен.

Алайда бұл күн тек хат табыстаумен шектелген жоқ. Студенттерге әскери бөлімнің күнделікті тіршілігін жақыннан көруге мүмкіндік берілді. Олар сарбаздар тұратын казармаларды аралап, әскери қызметкерлердің тұрмыстық жағдайымен, күн тәртібімен және әскери тәртіптің ерекшеліктерімен танысты.

Жастар Ұлттық ұлан жауынгерлері пайдаланатын техникаларды көріп, олардың қызметтік міндеттері мен ерекшеліктері туралы мәлімет алды.

Кездесу барысында студенттер мен сарбаздар еркін әңгімелесіп, әскери өмірдің қызығы мен қиындығы, тәртіп, төзімділік және жауапкершілік туралы пікір алмасты. Жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, әскери қызметтің қыр-сырын жауынгерлердің өз аузынан естіді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар