жұма, 22 қараша, 2024 23:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бішкектегі жанжал: министрлік Қазақстандағы шетелдік студенттер қалай қорғалатынын айтты

Бішкектегі жанжал: министрлік Қазақстандағы шетелдік студенттер қалай қорғалатынын айтты
Фото: видеодан алынған скрин
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қырғызстандағы шетелдік студенттер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жанжалдан кейін Қазақстанда қандай шаралар қабылданғанын айтты.

 

«Жалпы, Пәкістан мен Үндістаннан келген 12 мыңға жуық шетелдік студент бар. Шетел азаматтары білім алып жатқан университеттердің ректорларымен жиналыс өткіздік, яғни тек Пәкістан мен Үндістаннан келген студенттер оқитын университеттермен шектеліп қалмадық. Студенттер тұратын орындарда тәулік бойы кезекшілік белгіленді. Атап айтқанда, негізінен Үндістан мен Пәкістан азаматтары медициналық және инженерлік мамандықтарда білім алып жатыр», - деді С. Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр аталған елдерден келген шетелдік студенттер медициналық академияларда, сондай-ақ Астана халықаралық университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Көкшетау университетінде оқып жатқанын айтты. Қазір барлық жерде кезекшілік қойылған.

«Енді тек осы студенттермен ғана емес, біздің студенттермен де алдын алу іс-шараларын атқарамыз», - деді Саясат Нұрбек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар