26 сәуірде үш баланың анасы Айнагүл жоғалып кеткен. Кіші ұлы небәрі 4 жаста, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Жақындарының айтуынша, ол күйеуінің жүйелі зорлық-зомбылығына қарамастан, ешқашан балаларын тастап, үйден кетпеген.
«НеМолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, Айнагүлдің әріптестері оның жоғалуынан күмәнданып отыр.
«Себебі оның күйеуі бір апта бойы полицияға арызданбаған. Полиция қызметкерлері оның үйіне келгенде ғана арыз жазуға мәжбүр болған. Айнагүлдің ата-анасы жоқ, алыс туыстары ғана бар. Полициядан осы істі назарға алып, бақылауын сұраймыз. Күйеуі жалдамалы пәтерінен көшіп кеткені белгілі. Мүмкін, ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың кейбір заттай дәлелдері жоғалып кеткен шығар»,– дейді Дина Таңсәрі.
Сондай-ақ #НеМолчикз Орал қаласының тұрғындарынан Айнагүл жайлы бірдеңе белгілі болса, полицияға немесе +77051510000 сенім телефонына хабарлауды сұрайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
"Ұлы дала жорығы": екінші күннің қорытындысы шықты
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024